|
28.10.2020 | 20:45
4145

КВИ жұқтырған жолаушыны әуе бортында тасыған әуекомпанияларға 4,5 миллион теңге айыппұл салынады

ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ шетелдік азаматтар елге кіре алмайды

КВИ жұқтырған жолаушыны әуе бортында тасыған әуекомпанияларға 4,5 миллион теңге айыппұл салынады Almaty.tv

ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ шетелдік азаматтар елге кіре алмайды. Ал вирус жұқтырған жолаушыны әуе бортында тасыған әуекомпанияларға 4,5 миллион теңге айыппұл салынады. Ал ішкі рейстермен ұшатын азаматтарға қандай талаптар қойылып отыр? Толығырақ Almaty.tv тілшісінің келесі бейнематериалда.

Әуежайға кіре бере жолаушылар санитарлық бақылаудан өтеді. Нысанға кірген әрбір адамнан маска тағу, санитайзерлермен қолды залалсыздандыру және дене қызуын өлшеу талап етіледі. Алайда әуежайда ПТР-тесті жоқ жолаушыларға арнайы бөлме қарастырылмапты. Тек төтенше жағдай болса, яғни жолаушының ауру белгілері айрықша білінген кезде ғана оқшауланады.

«Егер борттағы адамның жағдайы күрт нашарлап, одан қандай да бір жұқпалы аурудың белгісі байқалатын болса, арнайы бөлмеге оқшауланады. Жолаушы борттан бірден осы жерге жайғастырылады және осы жерде жедел жәрдем көлігі келгенше күтеді», – деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Наталья Соколова.

Жалпы мамандар сынаманы ұшар алдында тапсырып алған жөн дейді. Ол үшін әуежайда бар жағдай жасалып қойған. Мәселен, әуежай терминалында биоматериал алатын пункт бар. Тест тапсыру үшін алдымен анкета толтырасыз. Содан кейін байланыссыз тәсіл арқылы, яғни терезенің арғы жағынан лаборант керекті биоматериалды алады. Тест нәтижесі бір күннен кейін дайын болады. Ал ПТР анықтамасы жоқ шетелден ұшып келген отандастарымыз 2 күнге оқшауланады.

«Ведомсвоаралық комиссия шешімімен Қазақстан азаматтары шетелден ПТР-тестсіз ұшып келуіне болады», – деді ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов.

Осы ретте Оңтүстік Корея елінің әуетасымалдаушы компаниясы Қазақстан азаматтарын тест нәтижесінсіз бортқа кіргізбейтінін айтады.

«Барлық азаматтар, оның ішінде Қазақстан азаматтары Кореяға ПТР-тесттсіз кіре алмайды. Ол үшін теріс делінген сараптама нәтижесі болуы керек. Сондықтан ендігі уақытта «Asiana Airlines» әуекомпаниясы жолаушылардан арнайы анықтаманы талап етеді», – деді әуе компания өкілі Всеволод Ким (Корея).

Соңғы шыққан санитария нормаларына сәйкес әуе кемелерінде адам сыйымдылығы 50 пайыз болу керек және олар шахматты ретпен отырғызылады. Әйтсе де талаптардың бәрі сақталып жатқанымен індетті жұқтырып алу қаупі қай кезде де болары анық. Сондықтан мамандар алдын ала ПТР-тест тапсырып, коронавирустың жоқтығына көз жеткізіп алуға кеңес береді.

Назкен Еркін, Роман Нощенко, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир