COVID-19: Ауру белгілері болмаған жағдайда да сынама алынатын болады

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Алматы, Түркістан облыстарында және Атырау қаласында көшпелі зертханалар жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақын күндері қазақстандықтардан емханаларда коронавируске байланысты сынама ала бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тестілеу ауру симптомдары болмаса да жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты. Оның сөзінше, қазір еліміздегі зертханалар тәулігіне 28 мың сынама жасайды. Алматы, Түркістан облыстарында және Атырау қаласында көшпелі зертханалар жұмыс істеп жатыр. Себебі аталған өңірлерде ірі ауру ошақтары бар.  

«Тестілеудің жоспары құрылған бізде. Қазір оны тәмамдап жатырмыз. Скрининг пен тестілеудің басқа пішініне өтудеміз. Барлау эпидемиологиялық қадағалау деп аталады. Қазір скринингті жүргізудің жаңа механизмдері белгіленбек. Мәселен, емханаларда сағат 14:00 мен 16:00-дің аралығында науқастардан ауру белгілері болмаған жағдайда да сынамалар алынатын болады. Бұл механизмдер мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің бүгін-ертең қол қойылуы тиіс жаңа қаулысында нақты жазылады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БЮРАБЕКОВА.

Вице-министр соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған адамдардың саны өскенін де түсіндірді. Бұған скринингтің артуы себеп. Ол, сондай-ақ, Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі әлі де жалғасып жатқанын тағы да еске сала кетті. Осы ретте бетперде мен антисептикті ұмытпай, қарапайым тазалық қағидаларын ұстануды сұрады.

Новости партнеров