|
15.03.2020 | 20:59
6004

Коронавирусқа байланысты Алматы қаласындағы ағымдағы санитарлы-эпидемиологиялық жағдай – 15 наурыз

Қазіргі уақытта қалалық қызметтермен бекітілген «Б» жоспары бойынша санитарлы-эпидемиялық шаралар жүргізілуде

Коронавирусқа байланысты Алматы қаласындағы ағымдағы санитарлы-эпидемиологиялық жағдай – 15 наурыз открытые источники

Коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша қалалық штабының хабарлауынша, Алматы қаласында  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы лабораторлы түрде расталды, деп Almaty.tv хабарлайды

Қазіргі уақытта қалалық қызметтермен бекітілген «Б» жоспары бойынша санитарлы-эпидемиялық шаралар жүргізілуде.

Соның ішінде вирусты жұқтырған науқастар мен олармен байланыс жасағандар жайлы расталған мәліметтер алу, оларды дер кезінде оқшауландыру – қалада коронавирус инфекциясының таралуын ескерту бойынша тиімді шаралардың бірі.

Алайда, шараларды жүргізу барасында азаматтардың байланыс жасаған тұлғалар туралы жасыру және ауруханаға жатудан бас тарту фактілері жиілеп кеткен.

Осыған байланысты ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің 90 бабына сәйкес азаматтардың мынандай міндеттері барын ресми ақпараттандырамыз:

– Өзінің және басқаладардың денсаулығын денсаулығын қорғау бойынша сақтық шараларын ұстану,

– Медициналық ұйымдардың талабы бойынша тексеруден өту және емделу,

– Басқаларға қауіп төндіретін өзінің инфекциялық ауруы жайлы медицина қызметкерлерін хабардар ету.

Айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар тексеру мен емделуден бас тартқан жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес, мәжбүрлі (еріксіз) тәртіппен емдеуге жатқызылады және куәландырылады.

Қоршаған ортасындағы азаматтарға қауіп өндіретін аурулармен ауыратын тұлғалар емдеуден жалтаруы,науқастармен байланыста болған және профилактикалық емдеуге мұқтаж, сонымен бірге басқаларға қауіп төндіретін ауруын, жұқпалы ауру көзін және олармен байланыста болған тұлғалар жайлы жасырған азаматтар заңмен қудаланады.

Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы ақпаратты жасыру ҚР Қылмыстық Кодексінің 305 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды жауапты болуды және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауды, симптомдар болған жағдайда өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануды сұрайды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында:

– қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

– адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу;

– сырқат адамдармен қарым-қатынас жасамау;

– суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет. Анықтама үшін 1406 нөмірінде тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді.

Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram Stopcov Almaty арнасында орналастырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир