|
15.04.2021 | 21:47
4638

Алматыда індет ошағында 14 күн бойы дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

Дезинфекция жасау шыдамдылықты қажет ететін жұмыс

Алматыда індет ошағында 14 күн бойы дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

Алматыда індет ошағы анықталған жағдайда 14 күн бойы дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан да мамандар есепте тұрған барлық үйді аралап, құрамында хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруды бастап кетті. Олардың қатарында тұрғын үйлер мен ойын алаңдары және демалыс саябақтары бар. Толығырақ Almaty.tv тілшісі өрбітеді.

Дезинфекция жасау шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Тіпті, мына арнайы құрылғының өзі 16 келі болады. Ойлай беріңіз әр маман күніне осылайша орта есеппен 30-ға жуық нысанды аралап шығады.

Шаһарда бас санитария дәрігерінің қаулысынан соң залалсыздандыру шаралары күшейе түсті. Көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялауға күн сайын кем дегенде 300 адамнан тұратын 30 бригада жұмылдырылған. Олар тазалық жұмыстарын бастамас бұрын тұрғындарға ескерту жасап, дәліздерге хабарландыру іледі. Кейін барлық қабат пен жеделсатыға құрамында хлор ерітіндісі бар қоспа шашып шығады.

«Біз коронавирус ошағы тіркелген үйде хабарландыру жазамыз. 14 күн ішінде күнделікті жұмыстар атқарылады деп. Бұл дезинфекциялық жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Қала тұрғындарына айтарымыз санитарлық арақашықтық сақтап...», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Жандос Қайырханов.

Қаладағы мұндай дезинфекциялануы тиіс үйлердің тізімін санитария қызметкерлері жасайды. Сондықтан шаһардағы пәтерлердің саны індет ошақтарының санына байланысты өзгеріп тұрады. Мамандардың айтуынша, қалада күніне орта есеппен 2 мыңнан аса тұрғын үйдің кіре берісі және ауладағы балалар алаңқайы залалсыздандырылып отырады екен.  

Мұндай тазалық жұмыстарына қала тұрғындары риза екенін жеткізді.

БЛИЦ:

- Дезинфекция уақытылы, 2 күн сайын жүріп тұрады. Бәрін көріп жүрміз. Жақсы дәрежеде. Біз қуаныштымыз.

- Ауру адамдар көбейіп жатыр. Қазір залалсыздандыру мамандары келіп жұмыс істеп жатыр. Сол дертке қарсы күресіп жатқандарға көп рақмет.

- Дезинфекциялау жұмыстары тұрғын үйлерден бөлек халық көп жиналатын қоғамдық демалыс орындарында да күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр.  

«Адамдар қоғамдық орындарда көп жүргендіктен, үнемі вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Бас санитардың соңғы шыққан қаулысына сәйкес барлық аудандағы демалыс орындарын дезинфекциялау жұмыстары біздің бақылауымызда болады», – деді қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы абаттандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Александр Сергеев.

Мамандардың айтуынша, аудан әкімдіктері саябақтар мен гүл бақтарын кесте бойынша залалсыздандырып отырады. Мұндай қоғамдық орындарды дезинфекциялауға күн сайын 40-қа жуық арнайы техника мен 100 ден астам жұмысшы тартылған.  

Мерей Қанапиянов, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир