Қарағанды облысындағы қарттар үйінде коронавирус ошағы анықталды. Кейбір дерек көздерінің хабаралуынша қауіпті індет пансионаттың 70 тұрғыны мен 26 қызметкерінен табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандар вирус ошағын дереу оқшаулап, қауіптің қайдан келгінен анықтап жатыр. Еске салайық, Шахан ауылындағы қарттар үйі былтырғы наурыз айынан бері карантинде болатын. Қазір ондағы барлық адамдар жаппай ПТР-тестілеуден өтуде. Шаған елді мекенін тұтас оқшаулауы мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
«Байланыста болған барлық адамдар шеңбері анықталып, мекемеде, дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Барлық науқастарға инфекциялық стационарларда қажетті емдеу шаралары көрсетілуде», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Шәтекова.