Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды

26.06.2020 02:48

Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды

Фото: Сергей Михеев/РГ

Коронавирус індетінен  тағы 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Ақмола облысында 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында 1958, 1977 жылы дүниеге келген әйел адамдар және 1979 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.