Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам анықталды

25.03.2020 02:52

COVID-19 жұқтырғандар саны 69-ға жетті

Фото из открытых источников

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

24 наурызда сағат 21:40-та Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдайға қатысты мәлімет жарияланды. «Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында -1 адам , жалпы 69 науқас тіркелді», делінген хабарламада.