ТЖ режимі кезінде алдағы уақытта елімізде той-томалақтар өткізуге тыйым салынған. Отбасын құрмақ болған жастар енді қуанышын вирус кесірінен кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Той күні карантин уақытына түсіп қалғандардың арасында шоу-бизнес өкілдері де бар, деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Коронавирус салдарынан үйлену тойын өткізе алмайтындар қатарында танымал актер Олжас Әлжанов та бар.
Жақында ғана сүйіктісін ұзатып алған өнер иесі үйлену тойына санаулы күндер қалғанда айтулы шараны кейінге шегерген. Дүбірлі тойға қатысты жоспары өзгеріп кеткенін ол Instagram парақшасы арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, Тәуекел Мүсілім, Кентал, Балжан Бидаш, Динара Бақтыбаева секілді өнер жұлдыздары да биыл отбасын құру керек болған. Алайда, аталған шоу-бизнес өкілдері үйлену тойы қашан өтетінін нақты хабарлап айтқан жоқ.