Маскаға спирт себу дұрыс емес – дәрігер

media.az
media.az
Денсаулықты нығайту үшін көбірек қозғалып, таза ауада жүріп, жақсы тамақтану керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жөтел мен ентігу басталса, тәбет жоғалып, дене қызуы 38 градустан түспей қойса бірден дәрігерге жүгіну қажет. Бұл – ковидтің ауыр түрі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін қалалық әкімдікте өткен онлайн брифингте доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Раушан Тьесова-Бердалина осылай деді. Ол қауіпті індеттің алдын алу және емдеу туралы түсіндірді. Ақ халатты абзал жан денсаулықты нығайту үшін көбірек қозғалып, таза ауада жүріп, жақсы тамақтану керектігін айтты. Сондай-ақ, медициналық бетпердені шешпеуге шақырды. Оның сөзінше, қазір адамдар маскаға спирт сеуіп алады екен. Бұл дұрыс емес дейді дәрігер. Өйткені тыныс алу жолдарын зақымдайды. Оған қоса, симптомсыз науқастарға ерекше көңіл бөлу керек дейді.

«Бүгінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі тиімсіз. Аурудың анықталуы мен адамдардың жүгінуі бар болғаны 14 пайыз, сәйкесінше, шамамен 85 пайыз науқас медицина назарынан тыс қалуы мүмкін. Адамдарда аурудың белгісі білінбеуі мүмкін, дегенмен олар вирус тасымалдаушы бола алады. Оны тек зертханалық талдау арқылы ғана анықтай аламыз. Егер ол науқас осыны білетін болса, онда міндетті түрде оқшауланып, маска тағуы қажет», – деді Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалин.

Новости партнеров