Алматыға «Джек Ма» және «Alibaba Group» қоры жолдаған гуманитарлық көмектің екінші партиясы жеткізілді

@PressMFAKZ
@PressMFAKZ
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылғы 1 мамырда Алматыға «Джек Ма» және «Alibaba Group» қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Oның ішіне 50 016 дана тест жүйесі  мен 30 мың дана өкпені жасанды желдету аппараты кірді.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан «Джек Ма» және «Alibaba Group» қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді.

Осыған дейін 2020 жылғы 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер біздің елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, түйіспесіз термометрлер) жолдаған.



Новости партнеров