БҚО-да құжатсыз тасымалданып бара жатқан 47 жылқы анықталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында 47 жылқыны рұқсатсыз алып бара жатқан жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 тамыз күні Шыңғырлау ауданы аумағында болды.

"Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самара-Шымкент күре жолында 47 жылқы тиелген "Вольво" жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізушіде тасымалдау құжаттары болмаған. Аталған дерек бойынша материал жинақталып, шешім қабылдап, жауапкершілікке тарту үшін ветеринарлық инспекцияға берілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жүк көлігі мен «ГАЗель» соқтығысты

Новости партнеров