Алматыда тұрғын үйдің ауласында қарумен жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов растады.
«Полицияға сағат 22:00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан адам туралы хабарлама түсті. Алатау ауданының «Дарабоз» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің арасында қарумен жүрген адам ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.
«Ер адам ұсталды. 1985 жылы туған М есімді азамат Алматы тұрғыны болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мұндай қадамға баруға отбасылық жанжал салдарынан бел байлаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.