Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жұмыстан босатылды
Almaty TV
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
05.11.2026 11:15