Қала прокуратурасының үйлестіруімен 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкерледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасау сәтінде ұсталды.
Тінту кезінде 60 келіден астам психотроптық зат, 2,5 тонна прекурсор және синтетикалық есірткіні жасауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Оқи отырыңыз: Атырауда мотоциклмен түйеге соғылған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды