ІІМ мен Антикордың арнайы операциясы: есірткі жеткізетін ірі арна жойылды

polisia.kz
polisia.kz
Бір мезгілде Алматыда есірткі жөнелтуші құрықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жалпы және арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткі жеткізудің ірі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Одан автокөлікті тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді.

Бір мезгілде Алматыда есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.

«Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Новости партнеров