Атырауда ұры өзін қылмыс орнында ұстаған әйелді өлтіріп кетті
rgmedia.kz
Қылмыскер іздестіріліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
19 қазан күні сағат таңғы уақытта Атырау қаласының «Өркен» ықшамауданында қанды оқиға орын алып, 59 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі АқЖайыққа сілтеме жасап.
«АЖ» ақпараты бойынша, үйдегі адамдар ерте жұмысқа кетеді. Соңында әжесі немересін сабаққа шығарып салып, қайтып келгенде коттеджде ұрының тайраң салып жүргенінің үстінен түседі. Сол жерде қандықол ұры көп ойланбастан әйелді буындырып өлтіреді. Отбасы марқұмның қаза болғанын түс кезінде көріп, полицияға шақырту түсіреді. Үйден алтындар мен бағалы заттар жоғалған.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер іздестіріліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47
19 қыркүйекке арналған валюта бағамы
19.09.2026 08:18