Шымкенттегі көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды
Depositphotos
Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкенттегі Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агентігіне сілтеме жасап.
Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, кейін полицияға хабар берген.
Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды. Екі ер адам подъезде кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған. Кейін жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты жазаны сот тағайындайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37