Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді
Depositphotos
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде құны 80 миллион теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 шілдеде Полиция департаменті қызметкерлері "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесе отырып, мал базары маңындағы Богословка тасжолында 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген Ваз 2110 көлігін тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болды.
"Жүксалғыштағы қаптан 31 дана ақбөкеннің мүйізі табылды. Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйіздері қайдан алынғаны анықталатыны хабарланды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34