Бала саудалаумен айналысып қашып жүрген қазақстандық ұсталды
tengrinews.kz
Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.
Оңтүстік Кореядан депортацияланғанып, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
06.09.2026 11:13
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
06.09.2026 11:29