Павлодарда әйел жаңа туған баласын өлтіріп қойды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда ұлын тыныштандырмақ болған әйел оны өлтіріп қойған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен және куәгерлердің айғағымен дәлелденді.

№2 соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2022 жылдың 28 қазанында облыс орталығының тұрғыны жаңа туған ұлын тыныштандырғысы келіп, оны еденге жатқызған.

«Осыдан кейін ол қатты ашуланып, сәбидің маңдайына және басының артқы жағынан екі рет соққы жасаған. Бала қатты соққыдан жабық ми жарақатын алған. Алған дене жарақатынан жаңа туған нәресте қайтыс болды», - деді №2 сотта.

Әйел баласының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірмегенін айтып, кінәсін мойындамады. Әрі соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров