|
08.02.2024 | 09:25
353

Елімізде тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті тергеуді бастады

Елімізде тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың криминалдық қызметі туралы дәлелдерді жинау арқылы қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді.

Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекші мен белсенді мүшелері ұсталды.

Мәселен 7 ақпанда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдері Алматы қаласында құрамында белгілі «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты үстады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам қолға түсті.  7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді.

Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық «қамқорлығын» көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.

– Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сол күні полиция күшімен Степногорск қаласында осыған ұқсас операция жүргізілді. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті қылмыстық топтың жолы кесілді.

– Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы Полиция департаменті тергеу басқармасы бопсалау фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген фактілер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды, – деді Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда несиесін төлеу үшін кассадан ақша алған сатушы анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир