Астанада күйеуін өлтірді деген күдікті мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталды

El.kz
El.kz
Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада ақпанда болған кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты редакцияның сауалына Астана қаласының полиция департаменті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы - "Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына" байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес "Соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" бойынша аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін еместігін атап өтті.

Еске салайық, 26 ақпанда елорда полициясына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел Астанадағы мектептердің бірінің директоры болып шықты, ал марқұм, БАҚ-та жарияланғандай, оның күйеуі.

Оқи отырыңыз: Таразда өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырған күдікті ұсталды

Новости партнеров