|
24.07.2024 | 09:32
225

Қызылордада жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Тергеу әрекеттері жалғасуда

Қызылордада жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды elements.envato.com

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты.

«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қызылорда тұрғыны кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир