Шымкентте ер адам көшеде әйелін ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.
Оқиға туралы зардап шеккен әйелдің әпкесі Пакиза Бопинаева мәлімдеп, Instagram желісінде фото мен видео жариялаған.
Роликтен ер адам әйелдің шашынан тартып, теуіп, балағат сөздер айтып жатқанын байқауға болады. Зардап шеккен әйелдің әпкесінің айтуынша, бұл отбасы төрт жыл бұрын шаңырақ көтерген.
"Бұл видеоны өзім түсірдім. Адамның құқығын қорлап, өмірін ойыншық еткендер, заң алдында жауап берсе екен деймін. Ұят, ұят деп жүрдік. Бүйте берсе, адамға қастандық жасаудан да тайынбайды. Әлімжеттік жасағаны үшін заң алдында жауап бергенін қалаймын", - дейді Бопинаева.
Артынша ол бұл оқиғаны қалалық Қаратау ауданының полициясы тергеп жатқанын хабарлады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от @ pakiza.bopinaeva 18 Май 2020 в 12:14 PDT