Автонесие алуға көмектесемін: астаналық алаяқ жұртты алдап ақша алған

Twitter
Twitter
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық 29 тұрғынды шамамен 150 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы астаналық қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген қызмет түрін ұсынған.

"Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді. Түрлі алдаудың схемаларын ойлап тапқан күдікті қыруар ақшаға қарық болған. Алданған халық оған 1-22 миллион теңгеге дейін ақша берген. Полицияға Астана тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Әйел күйеуінің досына сеніп, оған 1 миллион 237 мың теңге бергенін айтты. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде берді. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге, микроқаржы ұйымынан тауарлық және несиемен ақша несие алуды ұсынған. Нәтижесінде әйел бес микроқаржы ұйымынан несие және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан", - делінген хабарламада.

Сол сияқты қаржы мәселесін шешуге көмектесемін деп, өзге де азаматтарды алдауына түсірген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қылмыстық іске қатысты тұлғаға бұлтартпау шарасы таңдалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, күмәнді операциялардан бас тартуды ескертеді.

Новости партнеров