Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының полицейлері қаладағы 10-шағынауданда 21 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.
"Жас жігіт жеңіл жолмен ақша табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Яғни психотроптық заттарды аудан аумағына қойып кету арқылы таратқан. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан көк түсті изолентаға оралған 5 байлам тәркіленді. Бір буманы ашқан кезде ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ бар екендігі анықталды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармағы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған