Ерекше жағдай: СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды тапты

12.06.2024 14:44

Күдікті ұсталды

Polisia.kz.

СҚО-да полицейлер 10 жыл бұрын ұрланған телефонды іздеп тапты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашты. 

Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен Samsung Galaxy S III Mini телефонын таппай қалған. Қылмысты “ізін суытпай” ашу мүмкін болмады. Соған қарамастан, 10 жылдан кейін тәртіп сақшыларына ауданның 27 жастағы тұрғынын анықтауға мүмкіндік берген жаңа мән-жайлар анықталды. 

Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін қалай иемденгенін айтты. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды. 

– Қылмыстық іс жүргізу ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды. Дегенмен, ескі материалдар жаңа мән-жайларды анықтау үшін үнемі қайта қаралатынын атап өткен жөн. Ашылмаған бірде-бір қылмыс полицияның назарынан тыс қалмайды, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Оқи отырыңыз: Атырауда төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды