Атырауда төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Күдікті 1985 жылы туған ер адам қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда төбелес арты кісі өлімімен аяқталды. Жұдырығы жуан азаматтар қаладағы базардың алдында сөзге келіп, арты қайғылы жағдайға ұласқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың әрекеті сол маңдағы бейнекамераға түсіп қалған. Араздасқан атпалдай азаматтардың бірі екіншісін әуелі ұрып, кейіннен тепкінің астына алады. Қатты соққы салдары кісі өліміне әкеп тіреген. Әзірге кикілжіңнің неден болғаны белгісіз.

– Төбелес салдарынан жарақат алаған 1968 жылғы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген. 10 маусымда жәбірленуші алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті 1985 жылы туған ер адам қамауға алынды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда 6 айлық бала көкжөтелден шетінеп кетті

Новости партнеров