Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр
Ұлытау облысында да тәртіп сақшылары 18-20 жас аралығындағы азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар жастарды бопсалаумен айналысып келген. Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Жастар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған екен. Сондай-ақ топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, синтетикалық есірткі тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Ал зардап шеккендерге қатысты қауіпсіздік шарасы қабылданған.
«Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгені қорқыту және өздерінің күштілігін көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекетін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды», –деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды