|
09.07.2024 | 15:15
2637

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Орал-Атырау тасжолында болған

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол-көлік оқиғасы Орал-Атырау тасжолындағы, Тайпақ ауылының маңында болған. Мұнда жүк таситын «ГАЗель» көлігі мен «Тойота Камри» автомобилі жоғары жылдамдықпен соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы жедел жәрдем келгенге дейін, оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам түрлі деңгейде жарақат алған. 50 жастағы ер адам медициналық тексеруден және ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал 58 жастағы азамат Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізіліпті. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  

«7 шілде сағат 22:00 кезінде Орал- Атырау тасжолында «ГАЗель» және «Тайота Камри» автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі аман», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Асылай Губашева.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир