Есірткінің ірі партиясы анықталды: аяқ киім креміне арналған ыдыстармен өткізбек болған

Almaty.tv
Almaty.tv

Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҰҚК Шекара қызметі 775 кг есірткінің рекордтық партиясын мемлекеттік шекара арқылы алып өтпкеші болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі. 

- Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг болды. Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ доллардан астам болуы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды, - делінген хабарламада. ҰҚК баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Оқи отырыңыз:Қазақ-өзбек шекарасында аса ірі көлемде героин тиеген көлік ұсталды

Новости партнеров