Жыл басынан бері Алматы қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау саны 36,7%-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық орындарда 662 ұрлық жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 есе аз.
«Сонымен қатар, 5 айда 102 бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ, өткен жылдары жасалған 140 алаяқтық фактілері анықталды. Қазіргі уақытта жеке меншік мүлкін қоғамдық орындарда, яғни сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және т.с.с. ұрлық жасаған 35 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Сол уақытта 131 сериялық ұрылар ұсталды, олар 214-тен астам біреудің мүлкін ұрлау фактілері бойынша дәлелденді»,– деді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.