Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лауазымды тұлғалар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдікке ілінді.
Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.