Басы бөлек жатты: Алматы облысында бес жастағы баланың денесі қоқыстан табылды
alon-ra.ru
Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.
Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.
«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр»,- делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жауабында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36