|
24.11.2022 | 10:24
497

Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды

Одан 0,43 грамм “мефедрон” психотроптық заты тәркіленген болатын

Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды polisia.kz

Ақмолада мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі (Ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Одан 0,43 грамм “мефедрон” психотроптық заты тәркіленген болатын. 

Сот отырысында сотталушы кінәні ішінара мойындады. Ол есірткі заттарын сатумен айналыспағанын, ал жедел уәкілдер тәркілеген психотроптық затты ол жасырып салу арқылы досының өтініші бойынша оған сатып алғанын айтты. 

Алайда, жас жігіттің кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен, сондай-ақ сот отырыстары барысында жауап алынған куәгерлердің айғақтарымен расталды. 

Сотталушының тұрғылықты жері мен оқуы бойынша оң сипаттамасын, бірінші соттылығын, жас ерекшелігін назарға ала отырып, сондай-ақ ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстық жолмен өндіріп алынған мүлікті тәркілей отырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесінде алты жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир