Қызылорда облысында интернет арқылы жалған жарнама жасап, жоқ көліктерді сатқан 27 жастағы азаматша қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы аумағында «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашудың алдын алуға бағытталған шара барысында полицейлер алаяқтық жасаған қала тұрғынын ұстады.
- Бұрын да сотты болған 27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған хабарландыру жариялаған. Көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан тұрғындардан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған. Осылайша оңай олжаны көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазір күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстысы тексерілуде, - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша қамауға алынған.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында үй өртенді: үш бала қаза тапты