Түркістандық әйел баласын 7 миллион теңгеге сатпақ болған

hibiny.com
hibiny.com
Қазіргі уақытта ұлын сатпақ болған азаматша ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бала сату-сатып алу туралы келісім Түркістанда орын алған. Атышулы іс прокуратурада айтылды. Әйел өз баласын сатпақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі otyrar.kz-ге сілтеме жасап.

Құрсағын жарып шыққан баласын өз шешесі сату туралы келісімді нотариуспен рәсімдеуді жоспарлапты. Бір жасар баланың анасы адвокаттың өз ойын өзгертіп, қылмыс жасамау туралы өтінішіне ешқандай іс әрекет жасамаған.

Түсіндіру жұмыстарынан түк шықпаған соң нотариус полицияға арыз жазуына тура келген. «Тірі тауарды» сатумен айналысқан күдікті арнайы операция кезінде ұсталды. Әйел Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Өз анасы сатпақ болған бала пневмониямен ауырған болып шықты.

«Қазіргі уақытта ұлын сатпақ болған азаматша ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі – кәмелетке толмағандарды сату бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді Түркістан қаласының прокуроры Ғалымжан Оңалбек.

Бұл бапта мүлкін тәркілеумен тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Новости партнеров