Қарағанды облысында бүтін бір отбасын өлтіріп кетті
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Ерлі-зайыпты мен олардың қызын өлтірген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Жұма күні 58 жастағы ер адамды, оның 59 жастағы әйелі мен 21 жастағы қызын өлтіріп кеткен. Бәрінің денесінде пышақ жарақаты бар.
«Жедел-тергеу шаралары барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде марқұмдарға пышақ сұққанын мойындады», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері.
Қылмыстық кодекстің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35