Шахтинск тұрғыны жоқ тауарды аламын деп алаяқтарға 2,7 млн теңге жіберген

123ru.net
123ru.net
Жәбірленуші азаматша белгісіз бір алаяқтардың құрбаны болғандығы туралы баяндады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шахтинск тұрғыны жоқ тауарды аламын деп алаяқтарға 2,7 млн теңге жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық Полиция бөліміне қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз бір алаяқтардың құрбаны болғандығы туралы баяндады. 

"Тамыз айының басында азаматша бір азаматпен таныстым. Ол маған WhatsApp қосымшасы арқылы кіріп, танысу үшін ұсыныс жіберді. Ол өзін Казимирмін деп таныстырып, Ұлыбританияда тұратынын айтып, көлік сатумен айналысатынын айтты. Біз онымен бірнеше күн сөйлестік. Кейін ол маған сыйлық жасағысы келгені туралы хабарлама жіберді. Басында мен оған күдікпен қарап жауап бермедім. Алайда Казимир өзінің сыйлық жасағысы келгені туралы қайта-қайта айтып, өзінің айтқанына көндірді. Ол сыйлықты қорапқа салып жатқаны, онда әйел адамдардың қол сөмкесі, қол сағаты және аяқ киімдері бары туралы бейнежазба жіберді. Сонымен қатар ол қорапқа шамалы ақша салғанын және оған өзіме ұнаған затты сатып алуға болатынын айтып, сыйлықты ұшаққа сап жіберетінін айтты. Казимир барлығын өзі төлегенін және сыйлықты күтіп алғанда жеткізу ақысын мен төлеу керектігімді айтты. Арада үш күн өткенде Қазақстанның жеткізу орталығынан маған осы мекенжайға сыйлықтың келгені туралы ұялы телефоныма хабарлама түсті. Ол сыйлықты алу үшін мен 250 мың теңге ақша төлеуім керек болды. Сондықтан да мен ол ақшаны айтқан есепшотқа салдым. Бірнеше уақыт өткенде маған келе жатқан сыйлықты сканерден өткізгенде оның ішінде бірнеше бағалы заттың бары, сондай-ақ қомақты ақшаның болуына байланысты арнайы сертификат алу және күзетке ақша төлеуім керектігін айтты. Білмеймін, мені дуалап тастағандай болды. Сондықтан да мен бірнеше банктен бас-аяғы 2,7 млн теңге ақша алып, оларға жібердім. Осылайша мен алаяқтардың құрбаны болдым. Онымды түсінген соң полицияға келіп арыз жаздым. Алаяқтарды табады деген үміттемін", – дейді жәбірленуші азаматша. 

Аталған дерек бойынша Шахтинск қалалық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарынан бейтаныс адамдарға өздерінің жеке деректерін бермеулерін, күман келтірген есеп-шоттарға ақша аудармауларын сұрайды. Тауар аларда заттарды тексеріп алмай, ақша аудармау қажет. Жеке деректерді, банк карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді ешкімге бермеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмау, ашық табыс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болу қажет", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Новости партнеров