Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты 2024 жылдың 30 сәуірінде еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.
Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З. Тұрғымбаев ұсталды.
Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: мемлекеттік айыптаушының мәлімдемесі қатысушыларды таңдандырды