Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер 5 жылға сотталды
Depositphotos.com
Келтірілген залал 30 млн теңге болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды", – делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.
Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген залал – 30 млн теңге болған. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.
Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52