Анасына қол көтерген: Шымкентте полицей қызметінен қуылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында болған.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Қызылордада жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Новости партнеров