|
10.06.2022 | 10:58
684

Ақтөбелік депутат ішімдік ішіп, қызметінен айырылды

Сонымен қатар 15 күнге қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды

Ақтөбелік депутат ішімдік ішіп, қызметінен айырылды zhaikpress.kz

Ақтөбеде ішімдік ішіп көлік айдаған депутат 15 күнге қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Диапазон сайтына сілтеме жасап.

20 мамырда полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістен өткенде оның мас болғаны анықталып, іс сотқа жіберілген.

Депутаттың өзі мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспеген. Сонымен қатар, қайта тексерістен өтуге құқығы бар екені түсіндірілмегенін айтқан.

Сот оның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен. Нәтижесінде, ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Басылым мәліметінше, Ербол Қасымғали болған оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырған.

«Ербол Қасымғали депутаттық өкілеттігін тоқтатты», - дейді өңірлік сайлау комиссиясының өкілі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғали «Ойл Гео Контракт» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир