Құны 560 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымды елге заңсыз кіргізбек болған

inform.kz
inform.kz
Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстанбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.


«Стамбулдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 дана контрабандалық зергерлік бұйым әкелмек болған азамат ұсталды. Бұл дерек Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге шектелген заттар мен құндылықтарды өткізу ережесіне қайшы келеді. Оларды өткізудің арнайы ережелері белгіленген», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Новости партнеров