Жамбыл облысында әкімдік қызметкері жер телімін заңсыз таратқан
Depositphotos
Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі заңсыз берілген. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомствоның мәліметінше, Байзақ ауданы әкімдігінің қызметкері 500 гектар жерді беру кезінде заңға қайшы әрекетке барған. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің орны туралы жалған мәлімет енгізген. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал қалғаны бойынша жұмыстар жалғасып жатыр деп мәлімдеді прокурорлар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36