Өзгенің пәтерін жалға берген алаяқ ұсталды

Depositphotos
Depositphotos

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкшетауда өзгенің пәтерін жалға берген ер адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қарашада қалалық полиция басқармасына тұрғыннан шағым түскен. Ол наурызда белгісіз адам алдап, 200 мың теңгесін алғанын айтқан.

Алдын ала тергеу барысында күдікті өзін пәтер иесінің ағасымын деп таныстырып, жәбірленушіге үйді жалға бергені анықталды.

Алдымен ол алдын-ала төлем алған. Бір аптадан соң келесі айдың ақшасын беруді талап еткен. Бірнеше күннен кейін пәтерді тексеруге заңды иелері келген. Олар онда жалға алушылар тұратынын білмеген.

Сондай-ақ үйдің заңды иелері алаяқпен туыс емес екені, оның бұрын пәтерді жалға алғаны белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Новости партнеров