Тараз тұрғыны шарбағында «үнді» есірткісін өсірген

inform.kz
inform.kz
Азамат кінәсін толық мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының 55 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұсталған тұрғынның тұрғылықты жеріндегі бақшасына санкцияланған тінту жүргізу кезінде «үнді» қарасора тұқымына жататын есірткі өсімдігін культивациялау белгілері бар 104 бұта табылды және тәркіленді. Азамат кінәсін толық мойындады.

Тіркелген дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ол үшін күдіктіге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қолданылуы мүмкін», – делінген ведомтсво хабарламасында.


Новости партнеров