|
03.04.2022 | 11:06
4700

ҚР Президентіне қастандық жасамақ болған шетел барлау агенті ұсталды - ҰҚК

ҚР Президентіне қастандық жасамақ болған шетел барлау агенті ұсталды - ҰҚК Пресс-служба Комитета национальной безопасности

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады, деп хабарлайды  Almaty.tv.


"25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті "А" деген Қазақстан азаматын ұстады", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлаған.

Тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшек-бөлшекпен әкелінген.

Задержан агент иностранной разведки, планировавший покушение на Токаева

Бұған қоса, "А" агенті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеу жүргізу және қоғамда русофобтық көзқарастардың пайда болуы секілді тапсырмаларды орындаған.

Алдын ала тергеу барысында Қазақстан азаматы шетел мемлекетінің тапсырмасын орындағанын мойындады.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир