|
24.11.2022 | 11:06
3563

Пәтер алуға көмектесем деген әйел талдықорғандықтарды 35 миллион теңгеге алдап кеткен

Ол тұрғындарды әкімдікте танысым бар деп алдаған

Пәтер алуға көмектесем деген әйел талдықорғандықтарды 35 миллион теңгеге алдап кеткен polisia.kz

Бұрын сотты болған әйел талдықорғандықтарды 35 млн теңгеге алдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

2021-2022 жылдары Талдықорғанда тіркелген ірі алаяқтық фактілері бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Қылмыстық іс материалдарымен күдіктінің бұдан бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны және 28 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

Белгілі болғандай, кәсіпкер әйел талдықорғандықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынған. Ол қарапайым сенгіш азаматтарға қала әкімдігінде байланыстары бар екеніндігін айтқан. Тергеу барысында күдіктінің қандай да бір тұрғын үй комиссияларының құрамына кірмейтіні және қандай да бір мемлекеттік органның қызметкері емес екені анықталды. 

"Аталған күдікті алаяқтық қылмыстың 14 эпизодында байқалады. Жәбірленушілердің жалпы материалдық шығыны 35 580 000 теңгені құрайды. Әйел Талдықорған тергеу изоляторында қамауда", – деді Талдықорған қаласының ПБ тергеушісі Ілияс Алдабергенов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир