Мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды

ҚР ІІМ
ҚР ІІМ
Іске қатысы дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мешітте де жеке мүлкіңізге қырағы болыңыз. Қас пен көздің арасында қалтадағыны қағып алатын ұрылар әлі де бар. Бірі Таразда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

Күдікті орталық мешітке кіріп, адамдардың намаз оқып жатқанын пайдаланған. Ілгіштегі киімдерді ақтарып жатып, ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Бұл тірлігі мешіттегі бейнекамераға түсіп қалған. Қайта тәртіп сақшылары жылдам әрекет етіп, ұрыны дереу ұстапты. Тергеу кезінде күдіктінің бұған дейін де істі болғаны анықталды.

– Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің жедел уәкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін сатпақ болған жерінен ұсталды

Новости партнеров